«Отандастар» қоры қандастарымызға арналған бірыңғай контакт-орталық ашпақ


АСТАНА. ҚазАқпарат — Таяу күндері елге оралған және шетелде тұратын қандастарымызға арналған бірыңғай контакт-орталық іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Отандастар» қорына сілтеме жасап.

«Орталық мамандары қандастарымыздың мазалайтын мәселелердің жауабын табуға көмектесетін болады. Осыған орай қордың бірінші вице-президенті Талғат Адуов пен вице-президенті Мәди Манатбек байланыс орталықтарын ұйымдастыру қызметін көрсететін компанияның жұмысымен танысып қайтты. Компанияның тұтынушылары арасында мемлекеттік мекемелермен қатар, жеке ұйымдар да бар. Солардың арасынан елордада орналасқан байланыс орталықтарының жұмысын қор басшылығына үлгі ретінде көрсетіп өтті», делінген қордың Инстаграмдағы парақшасында.

Айта кетейік, аталмыш жоба қордың серіктесі «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп жүзеге асатын болады.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/otandastar-kory-kandastarymyzga-arnalgan-biryngay-kontakt-ortalyk-ashpak_a3497281”


Сайт продается

Цена: 550$

Обращатся : [email protected]l.com

Топовые новости