12 ақпанда Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу


АСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 12 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынды.

АСТАНА

10.00-де «Үкімет үйінде» 2019 жылдың алғашқы айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ҚР республикалық бюджетінің атқарылу қорытындыларына және су тасқынының алдын алуға дайындық шараларына арналған Үкімет отырысы басталады.

10.00-де Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің орталық филиалында мұғалімдер мен дәрігерлерге, полиция қызметкерлеріне алғашқы тұрғын үй сертификаттары беріледі.

15.30-де Сенатта Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

16.00-де Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы кітапханасында Жастар жылына арналған «Ұлы дала жастары» атты мәдени-көрмелік іс-шаралар топтамаларының салтанатты ашылуы өтеді.

16.00-де Назарбаев орталығында танымал швед экономисі, Гетербор университетінің Ғаламдық зерттеулер мектебінің жетекшісі, профессор Ян Аарт Шольте қазақстандық студенттер мен сарапшыларға «Жаһандық басқарудағы өкілеттілік» тақырыбында дәріс өткізеді.

18.30-да Kinopark 8 Imax Saryarka кинотеатрында Канн кинофестивалі мен «Ника» сыйлығының лауреаты Сергей Дворцевойдың «Айка» көркем фильмінің премьерасы өтеді.

АЛМАТЫ

14.00-де Қазақстанның Баспасөз клубында БАӘ Әбу-Даби қаласында өтетін Бүкіләлемдік жазғы арнайы олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасының қатысуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның ұлттық банкі» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары Гүлнар Омарова және «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ аумақтық директоры Толқын Нұрмахин ««7-20-25» әр бір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» тақырыбында брифинг өткізеді.

Сағат 15:00-де — Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Ақмола облысы соттарының 2018 жылдың жұмыс қорытындысы» тақырыбында брифинг өтеді. Брифингке Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасыЕрлан Жанәділов Ақмола облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов қатысатын болады.


Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/12-akpanda-kazakstanda-otetin-manyzdy-okigalarga-sholu_a3497233”


Сайт продается

Цена: 550$

Обращатся : [email protected]

Топовые новости